Иранда құмды дауыл cоғып, мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылды

358

Иранның бірнеше қаласында құмды дауылдың салдарынан ауа сапасының нашарлауына байланысты мектептерде сабақтар уақытша тоқтатылды.

Иранда құмды дауыл cоғып, мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылды Фото: aa.com.tr

IRNA мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, аймақтық дағдарыс орталықтары мен төтенше жағдай комитеттері оқу орындарын уақытша жабу туралы шешім қабылдаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құмды дауыл елдің батыс өңірлерін толық қамтыды. Батыс Әзербайжан, Күрдістан және Зенджан провинцияларында, сондай-ақ Шығыс Әзербайжанда мектептерде сабақтар мүлдем тоқтатылды.

Тебриз қаласында барлық мемлекеттік мекемелер мен банктердің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Иран метеорологиялық қызметінің мәліметінше, алдағы сағаттарда құмды дауыл Альборз провинциясына және ел астанасы Тегеранға таралуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу