Иранда мемлекеттік билікке қол сұғушылық жасады деген айыппен 3 адам өлім жазасына кесілді

413

Салих Мирхашими, Мажид Қазыми мен Саид Якуби "мемлекеттік билікке қарсы қылмыс" бабы бойынша кінәлі деп танылды.   

Иранда мемлекеттік билікке қол сұғушылық жасады деген айыппен 3 адам өлім жазасына кесілді Фото: Qazaq газеті

Иранда 22 жастағы белсенді Махса Амини қаза болғаннан кейін елді шарпыған наразылық акцияларында полиция қызметкерін өлтіргені үшін кінәлі деп танылған үш адамға қатысты өлім жазасы орындалды, деп жазады inbusiness.kz.

Mizan агенттігінің хабарлауынша, Салих Мирхашими, Мажид Қазыми мен Саид Якуби "мемлекеттік билікке қарсы қылмыс" бабы бойынша кінәлі деп танылған.

ИИР сот органдарының мәліметінше, өлім жазасына кесілгендер тыйым салынған "Иран халқының моджахедтері" ұйымының мүшелері болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу