Иранда мыңнан аса адам саңырауқұлақтан уланды

730

Иранда мыңнан аса адам саңырауқұлақтан уланды

Иранда 15 адам саңырауқұлақтан уланып көз жұмды, мыңнан аса тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды 24.kz.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, жүздеген адам ауруханаға жеткізіліп, қазір дәрігерлердің қатаң бақылауында.

Иран денсаулық сақтау министрлігі жаппай улану көктем және күз мезгілдерінде ушығады дейді. Жауын-шашынның көбеюі улы саңырауқұлақтардың жеуге жарамды өсімдіктермен қатар қаптап өсуіне әкеледі.

Өкінішке қарай, саңырауқұлақтың денсаулыққа қаншалықты зиян екенін лабораториялық зерттеу арқылы ғана анықтауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу