Иранда наразылық акциялары қайта басталды

611

Бейбіт шерулер Тегеран, Исфахан, Мешхед, Решит, Махабад, Шахрекурд, Шираз және Табриз қалаларында өтті. 

Иранда наразылық акциялары қайта басталды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаларда Ислам Республикасының тұрғындары Исфаханда "Әйелдер, өмір, Бостандық!" деп ұрандап көшеге шыққандарын көруге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Тегеранда наразылық білдірушілер Саттархан көшесіндегі жолды жауып тастады.

Мешхед, Решит, Махабад, Шахрекурд, Шираз және Табриз тұрғындары да көшеге шықты. 

Тегеран университетінің акцияларға қатысқан студенттері ұсталып, көбісі сабаққа жіберілмей жатыр. 

Наразылық акциясына Табриз өнер университеті мен Солтүстік Хорасан провинциясының Медицина ғылымдары университетінің студенттері де қатысты.

Бүкіл Иранды жайлаған нарзылық акциялары "хиджабты дұрыс кимегені" үшін ұсталған 22 жастағы Махсы Амини өлімінен кейін басталды. 

Мемлекеттік теледидардың 24 қыркүйектегі хабарламасында зорлық-зомбылық актілеріне айналған наразылықтар ондаған адамның, соның ішінде қауіпсіздік күштерінің өліміне әкелді делінген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу