Иранда Парламент сайлауы өтіп жатыр

354

Бір орынға 51 үміткерден келеді.  

Иранда Парламент сайлауы өтіп жатыр Фото: media.az

Иранда 2022 жылғы үкіметке қарсы толассыз шерулерден кейін алғаш рет парламенттік сайлау өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Онда 61 миллион адам дауыс беруге құқылы. Ирандықтар бүгін парламентпен бірге Сарапшылар ассамблеясының жаңа мүшелерін де таңдауы керек. Бұл орган 8 жылға сайланып, елдің рухани жетекшісі қызметтен кетсе немесе қайтыс болған жағдайда жаңа аятолланы анықтауға міндетті.

Ал парламенттегі 290 орын үшін 15 200 кандидат бақ сынайды. Үміткерлердің отызы ғана - реформашылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу