Иранда Сүлеймани жерленген зират маңында жарылыс болды

292

Иранда генерал Сүлеймани жерленген зират маңында жарылыс болды.

Иранда Сүлеймани жерленген зират маңында жарылыс болды Фото: Reuters

Иранның Керман қаласында генерал Қасем Сүлеймани жерленген жерге апаратын жолда жарылыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

IRNA агенттігінің мәліметінше, кейін тағы бір жарылыс болған. Керман қаласының төтенше жағдайлар қызметінің басшысы 15 адамның жараланғанын айтты. Иран билігі жарылыстың себебін әлі анықтаған жоқ. Дегенмен, кейбір расталмаған хабарларда жарылысқа "газ капсулалары" себеп болғаны айтылуда.

Айта кетсек, Сүлеймани 2020 жылы АҚШ әскерінің шабуылынан қаза тапқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу