Иранда "теракт жоспарлады" деген айыппен 4 адам ұсталды

362

Олар Иранның оңтүстік-шығысында ұсталған.  

Иранда "теракт жоспарлады" деген айыппен 4 адам ұсталды Фото: STMEGI

Бұл туралы ИРНА агенттігі Ислам революциясының күзетшілер корпусының (ИРКК) әскери бөлімшесі "Әл-Құдс" штабының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Мәлімдемеде Иранның оңтүстік-шығысында "араңдатушылық әрі террористік актілерді жоспарлау" айыбы бойынша төрт азамат ұсталғаны айтылған.

Штаб топтың "әлемдік державалармен байланысы" барын айтады.

"Айыпталушылардың Иран аумағында ешқандай қылмыстық іс-қимыл жасап үлгермеген", - делінген хабарламада.

Ұсталғандардан 6 қару мен көптеген оқ-дәрілер тәркіленді, деп хабарлады штаб.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу