Иранда жанармай бағасы қымбаттады

72

Бұл шара айына шекті 110 литрден артық жанармай тұтынатын жүргізушілерге қатысты.  

Иранда жанармай бағасы қымбаттады Фото: iranintl.com

Бүгіннен бастап Иранда жанармай бағасы екі есе қымбаттады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді бензиннің әр литрі үшін олар АҚШ долларымен есептегенде 4,5 цент төлеуі тиіс. Бұл туралы Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Фатеме Мохаджерани мәлімдеді.

Iran International басылымының мәліметінше, Иранда күн сайын 15 млн литр бензин тапшылығы сезіледі. Ал америкалық санкциялар мен теңіз блокадасы Ислам Республикасындағы экономикалық жағдайды одан әрі қиындатып отыр.

Ал, бүгін Brent маркалы мұнайдың бағасы 97,34 долларға жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу