Иранда жарылыс болды

119

Тегеран мен басқа қалалардың үстінен ұшулар тоқтатылды. 

Иранда жарылыс болды Фото: BBC

Иранның Исфахан қаласының әуежайы маңынан жарылыс дауысы естілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC агенттігіне сілтеме жасап.

FARS агенттігінің мәліметінше, жарылыс халықаралық әуежай мен әуе күштерінің базасы орналасқан Кахьяверестан қаласында болған.

Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, елде үш жарылыс орын алды.

FARS болжамды нысаналардың бірі әскери радар болғанын, жарылыстар салдарынан бірнеше кеңсе ғимаратының терезелері сынғанын мәлімдеді.

Тегеран мен басқа қалалардың үстінен ұшулар тоқтатылды.

Mehr агенттігі Тегеран, Исфахан және Ширазға, сондай-ақ елдің батысындағы, солтүстік-батысындағы және оңтүстік-батысындағы әуежайларға рейстердің тоқтатылғанын айтты.

CNN бұған дейін Иран әуе кеңістігінде болған сегіз ұшақ бағытынан ауытқығанын хабарлаған.

Әуе қорғанысы жүйелері Иранның бірнеше аймағында жұмыс істейді.

"Иранның әуе қорғанысы елдің бірнеше провинциясының аспанында іске қосылды", - деп хабарлады IRNA ақпарат агенттігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу