Алғашқы хабарларға сенсек, ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, 24 наурыз күні кешке Иранның "Бушер" атом электр станциясына қарсы шабуыл болған.
Иранның Атом энергиясы ұйымына сілтеме жасаған мемлекеттік ақпарат агенттігі снарядтың АЭС орналасқан Бушер қаласы аумағына жеткенін мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, соққыдан адамдар зардап шекпеген және атом объектісінің барлық бөліміне бірдей зақым келмеген.
Айта кетейік, бұл – соңғы күндерде атом объектісінің маңындағы екінші шабуыл. Дәл осыған ұқсас шабуыл 17 наурызда да тіркелген еді, бірақ ол кезде де ешқандай зақым келтірмеген және құрбандар болмады.
Одан бұрын Иранның Ислам революциясы қорғаушылары корпусы (КСИР) Израильдің мұнай өңдеу зауыттарына және АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Бесінші флотына шабуыл жасаған еді. Сондай-ақ, ЕО Таяу Шығыстағы энергетикалық нысандарға шабуылдарды тоқтатуды талап еткен болатын.
Бірнеше күн бұрын "Израиль Иранға "кең ауқымды" соққылар толқынын бастады" деген тақырыпта материал жариялаған едік.