Ирандағы мұнай құбырлары жарылып кетуі мүмкін

125

АҚШ президенті Дональд Трамп осындай ескерту жасады.  

Ирандағы мұнай құбырлары жарылып кетуі мүмкін Фото: mail.ru

Иранның мұнай құбырлары істен шығуға жақын, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақ үй басшысының сөзінше, елде мұнайды тасымалдау мен сақтау мүмкіндігі азайып, құбырлар бітелуге таяған. 

Дональд Трамп АҚШ-тың Иранды теңіз жолын бұғаттауы елдің жанармай тасымалдауына кедергі келтіреді. Сондықтан олардың мұнай құбырлары істен шығып, "3 күнде жарылуы мүмкін" деп мәлімдеді.

"Жүйеде мұнайдың үлкен көлемі ағып жатқанда және қандай да бір себептермен оны контейнерлерге немесе кемелерге жөнелте алмағандықтан желі тоқтаса, не болады?

Механикалық түрде жарылып кетеді және олар жай ғана жарылады. Ары кетсе бұған шамамен үш күндей уақыт қалды", – деді Трамп Fox News-ке берген сұхбатында.

Трамп сондай-ақ Иран мұнай инфрақұрылымының жартысына жуығынан айырылса, оны қайта қалпына келтіру қиын болатынын да ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу