Ирандағы тәртіпсіздік барысында қаза тапқандар саны 20-дан асты

831

Ирандағы тәртіпсіздік барысында қаза тапқандар саны 20-дан асты

Иранда наразылық шарасы басталғалы бері қаза тапқандар саны 20-дан асты, деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы бір күннің ішінде 9 адам мерт болған. Олардың үшеуі – тәртіп сақшысы. Ал полиция 450-ге жуық адамды қамауға алды.

Кехдериджан қаласында шерушілер қару алу үшін полиция бөлімшелеріне шабуыл жасаған.

Елде соңғы 8 жылда алғаш рет туып отырған наразылыққа мемлекеттегі экономикалық ахуалдың нашарлауы түрткі болды. Азық-түлік бағасының күрт қымбаттауына ашынған тұрғындар саяси талаптар қойып жатыр. Халық дін басыларының билікті шамадан тыс қолына шоғырландыруына қарсы. Қазір шерушілер аятолла Хаменеи мен президент Хасан Руханиді қызметінен кетуін және дін басыларының билігін шектеуді талап етуде.

Сондай-ақ үкіметтен елдің оқшаулауына әкеліп отырған ысырапшыл сыртқы саясатты тоқтатуды сұрап отыр. Ал елдің рухани жетекшісі аятолла Хаменеи толқулар үшін АҚШ бастаған сыртқы күштерді айыптады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу