Ирандағы жаппай наразылықтың сұмдық статистикасы жарияланды

Қазірдің өзінде 35 адам қаза тауып, 1200-дай адамның қамауға алынғаны белгілі. 

Ирандағы жаппай наразылықтың сұмдық статистикасы жарияланды Фото: AP Photo

9 күнге созылған наразылықтан қайтыс болғандардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жан тапсырған 35 адамның 29-ы – наразылық білдіруші, төртеуі – бала, ал екеуі – қауіпсіздік күштері қызметкері. Ирандағы адам құқықтары белсенділері ұйымы мен оның HRANA медиа желісі 5 қаңтарда ұсынған мәліметтерге сай, наразылық кемі 88 қалада немесе елдің 31 провинцияның 27-сінде өткен. 

Адам құқықтары белсенділерінің сөзінше, Иран қауіпсіздік күштері демонстранттарға қарсы күш қолданған. Бұл әрекеттер Мешхед пен Иран астанасы Тегеранды қоса алғанда, ірі қалаларда наразылықтың жаңа толқынын тудыра түсті. Ел бойынша кемі 17 университеттің студенттері наразылық акцияларына үн қосқан. 

БАҚ-тың жазуынша, бұған жауап ретінде қауіпсіздік күштері кампустарға шабуыл жасай бастады. Жалпы алғанда, елде басталған наразылық Ирандағы 2022 жылдан бергі ең ірі наразылыққа айналып отыр. 22 жастағы Махса Аминидің "моральдық полиция" ұстағаннан соң қайтыс болуы қоғамдық резонанс тудырды.

5 қаңтарда Иран Ислам Республикасының сот билігі наразылық кезінде тұтқындалғандарға ешқандай жеңілдік көрсетілмейтінін мәлім етті. 

Еске салайық, елдегі жаппай наразылық 28 желтоқсаннан бері жалғасуда. Олар Тегеранның басты базарында бастау алды. Онда көптеген саудагер инфляция мен бағаның күрт ауытқуына наразылық ретінде дүкендерін жапты.

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, қазан айында елдегі азық-түлік инфляциясы 64,2%-ға жеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу