Ирандық әйелдердің құқығын қорғаушы Нобель сыйлығын алды

509

Лауреат қазіргі уақытта Тегеран түрмесінде отыр.

Ирандық әйелдердің құқығын қорғаушы Нобель сыйлығын алды Фото: reuters

2023 жылғы Нобель сыйлығы ирандық құқық қорғаушы және "Адам құқықтарын қорғаушылар" құқық қорғау ұйымының вице-президенті Наргиз Мохаммадиге берілді.

Норвегиялық Нобель комитеті бұл шешімді жариялаған кезде лауреат қамауда отырған отырған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нобель комитетінің хабарлауынша, Наргиз Мохаммадиге Бейбітшілік сыйлығы "Ирандағы әйелдерге қысым көрсетумен күресудегі және баршаға арналған адам құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетудегі күш-жігері үшін" берілді.  

"Норвегиялық Нобель комитеті сондай-ақ аталған сыйлықты былтыр Иранда "Әйел – Өмір – Азаттық" ұранымен әйелдерді кемсітуге қарсы наразылыққа шыққан жүздеген мың ирандыққа арнау туралы шешім қабылдады", делінген комитет хабарламасында.

Сондай-ақ, Наргиз Мохаммади 2016 жылы өлім жазасын алып тастауды жақтайтын құқық қорғау қозғалысын басқарғаны үшін өз елінде 16 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол 2020 жылы босатылғанымен,  2021 жылдың соңына қарай қайтадан түрмеге қамалды және қазіргі кезде Тегерандағы Эвин түрмесінде отыр.

Норвегиялық Нобель комитеті аталған сыйлық номинациясы бойынша 351 үміткерден, соның ішінде 92 ұйым мен 259 жеке тұлғадан ұсыныс түскенін хабарлады.  

Айта кетейік, 2023 жылы сыйлықақы 11 миллион швед кронына тең (1 млн доллардан сәл аз сома) болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу