Иран мен АҚШ Швейцарияда өткен келіссөздер барысында бірқатар маңызды мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жеткізді. деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аббас Арагчидің айтуынша, келіссөздер нәтижесінде Иранның мұнай экспортын қайта жандандыруға мүмкіндік беретін келісім жасалған. Сонымен қатар тараптар Иранның бұғатталған активтерінің бір бөлігін босату және елді қалпына келтіру мен дамыту жоспарын іске қосу туралы да ортақ шешімге келген.
Әзірге АҚШ билігі бұл ақпаратқа қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Алайда келіссөздерге делдал болған Пәкістан мен Қатар бірлескен мәлімдеме жариялап, саммит барысында алдағы келіссөздер үшін "үміт сыйлайтын ілгерілеуге" қол жеткізілгенін хабарлады.
Сондай-ақ қарсы тараптар келісімге қатысушылар мен делдалдардың қатысуымен шиеленісті төмендету тетігін құру жөнінде келісімге келген.