Иранға шығатын альтернативті жолдар қарастырылып жатыр

465

Қазақстан мен Иранды байланыстыратын Үзен — Горган теміржолының өткізу мүмкіндігі жеткіліксіз. 

Иранға шығатын альтернативті жолдар қарастырылып жатыр Фото: ORIENT.tm

Сондықтан қазір Түрікменстан арқылы шығу, "Термез-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар" тізбегін пайдалану сынды нұсқалар қарастырылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Қазір Пәкістан порттарына шығатын Трансауған темір жол желісінің құрылысы келіссөздері аяқталуға жақындады. "Термез-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар" тізбегі бізді де қызықтырады. Ал Қазақстан мен Иранды байланыстыратын Үзен — Горган теміржолын ұлғайту керек, себебі Горган таулы аймақта орналасқандықтан, оның өткізу мүмкіндігі шамалы — 5-10 млн т. 

Иранға тағы бір бағыт — Түрікменстандағы Серахс арқылы шығуға болады. Ол үшін екі ел арасындағы байланысты күшейтіп, біздің аумақта жатқан учаскені жетілдіру керек. Темір жолдардан басқа, көлік жолдары барын да естен шығармаған жөн", — деді KAZLOGISTICS одағының Төралқа төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу