The New York Times бұл туралы АҚШ президентінің Ирандағы қақтығыс туралы үндеуін мысалға келтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол АҚШ-тың Иранмен соғыста жеңіске жетіп жатқанын жеткізді.
– АҚШ қарулы күштері Иранға қарсы "Эпикалық қаһар" операциясын бастағанына тура бір ай толды. Біздің қарулы күштеріміз шайқас алаңында жылдам, шешуші және талқандаушы жеңістерге жетті. Мұндай жеңістер бұрын-соңды болмаған, – деді Трамп.
Ақ үй басшысы Иранның флоты немесе әскери-әуе күштері жоқ екенін айтты. Иранның көптеген көшбасшысы көз жұмғаны да назардан тыс қалмаған. Зымыран және ұшқышсыз басқарылатын аппараттар ұшыру мүмкіндіктері күрт төмендеп, қару-жарақ, зауыттар және зымыран ұшыру қондырғылары жойылып жатыр деген де дерек бар.
– АҚШ Венесуэламен "мұнай мен газдың үлкен көлемін өндіру және сату" мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатты "және енді АҚШ Таяу Шығыстан толығымен тәуелсіз. Біздің онда болуымыз міндетті емес. Бізге олардың мұнайы қажет емес, – деді ол.
Трамп "Эпикалық қаһар" операциясы Америка мен еркін әлемнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін неге қажет екенін түсіндіріп көрді.
– 2015 жылы президенттік науқанымды жариялаған алғашқы күннен бастап мен Иранның ядролық қаруға ие болуына ешқашан жол бермеуге ант бердім. Ең маңыздысы, мен Барак Обаманың Иранмен апатқа айналған ядролық келісімін бұздым. Обама олардың құрметі мен адалдығын сатып алу үшін оларға 1,7 млрд доллар қолма-қол ақша берді. Бірақ бұл нәтиже бермеді. Олар біздің президентімізді мазақ етіп, ядролық бомба жасау миссиясын жалғастырды, – деп хабарлады АҚШ президенті.
Дональд Трамп Иранмен соғыстың басты себебінің бірі ретінде кәдімгі баллистикалық зымыран қорын тез жиналуын атады.
– Мен "Эпикалық қаһар" операциясын жариялаған кезде айтқанымдай, біздің мақсаттарымыз өте қарапайым және түсінікті. Біз режимді Америкаға қауіп төндіру немесе өз ықпалын оның шекарасынан тыс жерлерге тарату мүмкіндігінен жүйелі түрде айырып отырмыз. Бұл Иранның қазірдің өзінде істен шығарылған әскери-теңіз күштерін жоюды, оның әскери-әуе күштері мен зымыран бағдарламасына бұрын-соңды болмаған зиян келтіруді және қорғаныс өнеркәсібі базасын жоюды білдіреді, – деп атап өтті Трамп.