Ірі бизнес субъектілерінен 3 трлн теңгеден аса салық түскен

868

Биыл 9 айда ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке 3 трлн теңгеден аса салық түсті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ірі бизнес субъектілерінен 3 трлн теңгеден аса салық түскен

Алдымен басшы елде 343 ірі бизнес субъектісі барын, оның 98-і жер қойнауын пайдаланушы, әрі 244-і экономиканың әр түрлі секторындағы ірі салық төлеуші екенін атап өтті.

"Олар мемлекеттік бюджетке 43,7%, республикалық бюджетке 51% аса салық төлейді. 2021 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке түсетін түсім 1 трлн 270 млрд теңгеге немесе 36%-ға өсіп, 3 трлн 302,3 млрд теңге болды. Республикалық бюджетке түсімдер 840 млрд теңгеге немесе 50%-ға ұлғайып, 2 трлн 522 млрд теңгеге жетті", – деді Ануар Сүлейменов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Департамент басшысы экономика секторлары бойынша түсім көрсеткішісі өскенін атап өтті.

"Көтерме және бөлшек сауда 26%-ға немесе 274,8 млрд теңгеге, өңдеу өнеркәсібі 17,4%-ға немесе 184,8 млрд теңгеге, қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен операциялар 14,2%-ға немесе 151 млрд теңгеге, құбыржолы арқылы тасымалдау 38,7%-ға немесе 33 млрд теңгеге өсті", – деді директор.

Ол түсімдердің ұлғаюы пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру және салықтық әкімшілендіру сапасын жақсартуға сәйкес келгенін атап өтті.

"Әкімшілендіру сапасының жақсаруына тәуекелдерді бағалау жүйесі ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, салықтық тексерулерді тағайындау әсер етті. Аталған жүйені қолдану тәуекел дәрежесін бағалау көрсеткіштері негізінде салықты тексерулер үшін ірі бизнес субъектілерін нақты іріктеуге мүмкіндік берді, мұнда тексерулер тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қатысты тағайындалады", – деді басшы.

Ануар Сүлейменовтің айтуынша, 9 айда ірі салық төлеушілерге қатысты 34 салықтық тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 46,5 млрд теңге салық пен өсімпұлдар қоса есептелген.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу