Ірі бизнесте әйелдер саны аз

1320

Қазақстандық іскер ханымдар көрсеткіші бес жылдың ішінде бар болғаны 29,2% -дан 30%-ға дейін өскен. 

Ірі бизнесте әйелдер саны аз

Іскер әйелдердің бесінші конгресінде сөз сөйлеген Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" бөлімінің төрайымы Илейн Конкевич қазақстандық бизнес ханымдар санын арттыру керектігін айтты. Оның пікірінше, қыз-келіншектер қауымы да ел экономикасын дамыту үшін үлес қосуы керек. 

"Бүгінде Қазақстан экономикасы үлкен қарқынмен дамып келеді. Әйелдер де осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарға атсалысып, жалақы бойынша теңсіздіктің орнын толтыруы керек. Қазірдің өзінде басшылық қызметте жүрген қыз-келіншектер қауымын аз байқаймыз. Сондай-ақ, бизнес ханымдардың 2014-2018 жылдар аралығындағы көрсеткіші 29,2%-дан 30%-ға, яғни бар болғаны 0,8%-ға артқанын көреміз",– дейді Илейн Конкевич.

Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" бөлімі төрайымының пікірінше, ірі бизнесте нәзік жандылар саны аз. Мәслен, 2018 жылы ірі кәсіпорындардағы әйелдер көрсеткіші  17,9%-ды құрады. Ал орта деңгейлі бизнесте олардың үлесі 34,7%, шағын бизнесте 30% болатын. Сондай-ақ, қыз-келіншектер көбінесе білім беру, қонақ үй бизнесі, тамақ өнеркәсібі, денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді.

Бұл ретте Илейн Конкевич, нәзік жандылар техникалық салада, мысалы, инженерияда жұмыс істегендерін қалайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу