Ірі экспорттаушыларға бақылау күшейтіледі

258

Бюджетке қосымша салық түсіретін заң қабылданбақ

Ірі экспорттаушыларға бақылау күшейтіледі Фото: kursiv.kz

Қазақстанда ірі экспорттаушыларға бақылау күшейтіледі. Қаржы министрлігі тиісті заңға түзетулер енгізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Вице-министр Ержан Біржановтың сөзінше, енді елден шыққан барлық тауарлар қаншалықты нарықтық бағамен шығып жатқаны қадағаланады. Соның арқасында салық толық түседі деді ведомство басшылығы. Өйткені бұған дейін мұнай, металл және басқа да тауарларды шығаратын компаниялар түрлі схемаларды қолданып келген екен. Оларды тексеру кезінде деректер анықталған. 

"Оларды тексеру кезінде анықталған деректерді ескере отырып, тиісті өзгерістерді енгізіп жатырмыз. Бұл заң жобасының нормалары қарапайым адамдарға, шағын және орта бизнеске ешқандай әсер етпейді. Өзгерістер экспортқа бағдарланған алпауыт мекемелерге арналған. Солардың экспортқа шығарған тауарлары бойынша нақты салықты өндіріп алуға бағытталған", - дейді ҚР Қаржы министрінің орынбасары  Ержан Біржанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу