Ірі қара импортына қосымша құн салығы салынбайды

1274

Бизнес нысандары жыл соңына дейін қандай салықтан босатылды?

Ірі қара импортына қосымша құн салығы салынбайды

Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев бизнес нысандарын салықтық қолдау шараларының негізгі тетіктерін атады.

"Мемлекет басшысының "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Жарлығына сәйкес бизнесті қолдау үшін мынадай салықтық шаралар қабылданды. Олар саудадан бастап туристік бизнеске дейін экономиканың түрлі секторларын қамтиды. Сонымен жыл соңына дейін сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен спорт нысандары, қоғамдық тамақтану, қонақ үй және туристік қызмет салаларында жұмыс істейтін салық төлеушілер мүлік салығынан босату белгіленді. Сондай-ақ, жеке практикамен айналысатын тұлғалар да (нотариустер, адвокаттар, сот орындаушылары, медиаторлар) биылғыжылдың 1 қазанына дейін мүлік салығынан босатылды. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жылдың соңына дейін жеке табыс салығынан босатылды. Ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандарды қамтитын агроөнеркәсіптік кешендегі биологиялық активтердің импортына қосылған құн салығы салынбайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер аграрлық мақсаттағы жер салығын төлемейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі 2020 жылдың 1 қазанына дейін 12 пайыздан 8 пайызға дейін төмендетілді. Микро, шағын және орта бизнес субъектілері 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін 29 қызмет түрі бойынша еңбекақы төлеу қорынан салық және басқа да міндетті төлемдерден босатылды", – деді министрлік өкілі.

Есжан Ботақара

Фото: konsalt.by

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу