Ірі қара малды сақтандыру қолға алынды

1588

Енді фермерлер малды аурудан және басқа да қауіп-қатерлерден сақтандыра алады. 

Ірі қара малды сақтандыру қолға алынды

Агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру саласының операторы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ірі қара малды сақтандыру өнімдерін бекітті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстанда мал шаруашылығын сақтандыру осы уақытқа дейін болған емес. Малды тек мүлік ретінде сақтандыруға болатын. Егер мал жоғалса немесе көлік қағып кеткен жағдайда ғана сақтандыру төленетін.  Енді фермерлер малды аурудан және басқа да қауіп-қатерлерден сақтандыра алады.

Қазіргі эпизоотиялық жағдай ескеріліп, шетелдік қайта сақтандырушылармен бірге түрлі тәуекелдерді сақтандыру өнімдері әзірленді. Осы өнімдер арқылы фермерлер малды өз шаруашылығының аумағында және 5 км радиустағы көрші шаруашылықтардың аумағындағы аурулар мен басқа да тәуекелдерден сақтандыра алады. Тәуекелдер қатарына инфекциялық және аса қауіпті аурулар, өрт, үшінші тұлғалардың зиянды әрекеттері, қауіпті табиғи құбылыстар, сондай-ақ жазатайым оқиғалар – жарылыс, найзағай түсу, тұншығып өлу, жыртқыш аңдардың шабуылы, жылан немесе жәндіктердің шағуы, түрлі себептермен жарақаттануы және тағы басқалар кіреді.

Шарт жасасу және фермер мен сақтандыру компаниясының және оператордың жұмысы qoldau.kz. электрондық платформасында жүргізіледі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сақтандырылатын малдың санына байланысты сақтандыру тарифі 1,54 %-дан 4,62 %-ға дейінгі аралықты қамтиды. Мысалы, фермер өз аумағында 30-дан 99 басқа дейін сақтандырғысы келсе, ол жалпы сақтандыру сомасының 2,31 %-ын төлейді. Егер 100 бастан астам малын сақтандыратын болса, тариф 1,54% болады. Егер фермер малын 5 км радиустағы тәуекелдерден сақтандыратын болса, онда 30-99 басқа дейінгі тариф 4,62 %. Жүз және жүзден астам басқа жалпы сақтандыру сомасының 3,08 %-ын төлейді.

Ірі қара малды сақтандыру өнімдері шеңберіндегі тәуекелдер халықаралық қайта сақтандыру компанияларында әлемдік нарықта "А" рейтингімен қайта сақтандырылатын болады. Бұл сақтандыру жағдайы болған жағдайда фермерлерге кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу