Ірі қара терісі экспортына алты айға тыйым салынды

2121

Отандық кәсіпорындар шикізат тапшылығын сезініп отыр. 

Ірі қара терісі экспортына алты айға тыйым салынды

2018 жылы отандық кәсіпорындар 400 мың, яғни 2,4 мың тонна тері өңдеді, экспорт 817 мың АҚШ доллары сомасын құрады (шамамен 135 мың тері.), деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Айта кетсек, өткен жылы 2,1 млн астам тері (жалпы санның 70%-ы) тұрғындардың шаруашылықтарында өндірілген, қалған 30% мамандандырылған мал сою бекеттерінен алынған. Өндірілген терінің 2,4 млн данасы (ІҚМ терісі) өңделмеген екен. Осылай бола тұра отандық кәсіпорындар шикізат тапшылығын сезініп отыр. Бұл мәселе көлеңкелі экспорттың бар екенін айғақтайды. Бүгінгі күні жылдық қуаты 2,7 млн дана ІҚМ терісімен 11 былғары кәсіпорны жұмыс істеуде.

Осыған байланысты, ВАК шешімі бойынша ірі қара малдың терісін Қазақстан аумағынан алты ай мерзімге шығаруға тыйым салынды. Тыйым 2019 жылғы 10 наурыздан 10 қыркүйекке дейін қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу