"Қазақ газ өңдеу зауытының" бұрынғы директоры сотталды

210

Ол 4 төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қазақ газ өңдеу зауытының" бұрынғы директоры сотталды Фото: Қазақ газ өңдеу зауыты" компаниясы / Болат Байшуақов

Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауданының соты "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастырып отыр. 

"Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шықты. Б.А. Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. 

"Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу