Ірі мөлшерде есірткі еккен төрт адам ұсталды

1074

Қызылорда облысында 1086 түп сора өсімдігін еккен қала тұрғындары ұсталды.   

Ірі мөлшерде есірткі еккен төрт адам ұсталды Фото: polisia.kz

28-50 жастағы жұмыссыз төрт қала тұрғыны Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Қызылқұм ауылының 265 шақырым жердегі шеңгел мен сексеуіл арасында сора өсімдігін өсірген.

Айта кетерлік жайт, арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы 20 см-ге жеткен. Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек арнайы кептірілген марихуана, күдіктілердің жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: 20 метрлік шланга, күрек, кетпен, тырма, газ баллонын тәркіледі.

Есірткі алқаптан бөлек алынған арнайы кептірілген марихуананың салмағы 723 грамм болып шықты. Күдіктілер Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу