Ірі және орта кәсіпорындарда жұмысшы тұрақтамауда

1267

Ірі және орта кәсіпорындарда жұмысшы тұрақтамауда

ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметі бойынша, биылғы жылдың үшінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 197,3 мың адам жұмысқа қабылданған, түрлі себептермен – 207,6 мың адам жұмыстан кеткен.

Қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты жұмыстан шығарылғандар – 1,3%, басқа себептермен кеткендер 15,0% құрайды. Үшінші тоқсанның соңына қарай ірі және орта кәсіпорындар 28,6 мың бос жұмыс орнын ұсынған. 

Биылғы жылдың үшінші тоқсанында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 7,2%,  жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,6%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 6,4% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 95,1% құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу