Ірі жол апатында зардап шеккен өзбекстандықтарға РФ өтемақы төледі

901

Ірі жол апатында зардап шеккен өзбекстандықтарға РФ өтемақы төледі

"Российские железные дороги" ААҚ Владимир облысында болған ірі жол апатынан зардап шеккен Өзбекстан азаматтарының әрбіріне 5 мың рубльден өтемақы төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Зардап шеккендердің барлығына Ресей ТЖМ қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетті, олардың әрбіріне "Российские железные дороги" ААҚ есебінен 5 мың рубльден өтемақы төленді", - делінеді Өзбекстан ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні 3 сағат 30 минутта Ресейдің Владимир облысында қазақстандық UDA668 нөмірлі жолаушы автобусы бағдаршамның дабылына тоқтамай өте шығып, пойызбен соқтығысқан. Автобуста Өзбекстанның 55 азаматы, екі жүргізуші Қазақстанның азаматы болған. Оның бірі қаза тапты, екіншісі қазір Покров қаласындағы уақытша пунктте.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу