Ішімдік ішуден "көш бастайтын" аймақтар анықталды

1460

Ішімдік ішуден "көш бастайтын" аймақтар анықталды

Қазақстанда спирттік ішімдікті ең көп тұтынатын аймақ анықталды. Статистика бойынша бірінші орында Ақмола облысы екен, деп хабарлайды ktk.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстанда ащы суға құмарлар саны едәуір артқан. Елімізде 15 жастан асқан әрбір тұрғынға шаққанда 8 жарым литр таза спирттен келеді.

Арақ-шарапты тұтыну жағынан Ақмола облысынан кейін Солтүстік Қазақстан тұр. Алғашқы үштікке Қарағанды да кіріпті. Ал Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары ең аз ішетіндердің қатарында.

Жалпы елімізде 2017 жылдың 10 айында 22 млн литрге жуық арақ-ликер өнімі шығарылыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға аз. Мұнымен қоса, осы жылдың басынан бастап ащы судың бағасы  45% -ға артқанын айта кетейік. Алайда, өндіріс қарқыны бәсеңдеп, бағасы шарықтағанымен тұтынушылардың саны азаймай тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу