Ішімдік сатылымына шектеу қою: ІІМ депутаттардың бастамасын қолдап отыр

201

Жақында депутаттар осындай ұсыныс тастаған еді.

Ішімдік сатылымына шектеу қою: ІІМ депутаттардың бастамасын қолдап отыр Фото: respublika-center.ru

Ішкі істер министрлігі алкоголь өнімдерінің айналымына қойылатын талаптарды қатаңдату жөніндегі депутаттардың бастамасын қолдайды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
 
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов алкоголь өнімдерін сату ережелерін қатаңдату бойынша бастама көтерген болатын.

"Біз бұл ұсынысты толық қолдаймыз. Қазіргі таңда қылмыстардың көп бөлігі маскүнемдік күйде жасалатыны белгілі. Тұрмыста кісі өлтіру оқиғаларының дені осы себептен болады", – деді Игорь Лепеха.

Ішкі істер министрінің орынбасары ведомствоның бұған дейін спирттік ішімдіктердің сатылуын шектеуге қатысты түрлі мемлекеттік органдарға бірнеше рет ұсыныс жолдағанын атап өтті. Олардың қатарында түнгі уақытта алкоголь сатуға тыйым салу, ойын-сауық орындарында спирттік ішімдіктердің сату уақытын шектеу де бар.

Игорь Лепеха бүгінде бұл шаралардың бәрі бастама деңгейінде ғана қалып отырғанын жеткізді.

"Бұл ретте кез келген бастаманы қолдаймыз. Ол қабылдана ма, жоқ па, қандай мерзімде және қандай форматта жүзеге асатыны – заң шығарушы органның құзырындағы мәселе", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу