Ішімдіктен бас тартқан ауылда 5 жылдан бері бірде-бір қылмыс болмаған

164

Алматы облысында ішімдіктен бас тартқан ауылда 5 жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Ішімдіктен бас тартқан ауылда 5 жылдан бері бірде-бір қылмыс болмаған Фото: 018.kz

Балқаш ауданының Ақкөл ауылында 5 жыл бұрын ақсақалдардың бастамасымен спирттік ішімдікті сатуға тыйым салынды. Тіпті, темекі де сатылмайды.

"Бұл барлық жағынан 100 пайызға дұрыс деп санаймын өз басым. Ауыл адамдары да, ауыл жастары да спортқа жақын. Ішімдіктен, темекіден жастарымыз аулақ", – дейді ауыл тұрғыны Әлішер Айдын.

Ішімдіктен бас тартқан елді мекенде 5 жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Оны учаскелік инспектор Айдын Естемесов те растап отыр.

"Ауыл ақсақалдарымен және ауылдық округтің әкімімен бірге отырыстар болды. Ішімдіксіз ауыл деп қабылданды. Профилактикалық жұмыстар өз уақытында жүргізіліп тұрады", – дейді ол.

Ал ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, жыл сайын елімізде 10 мыңға жуық қылмыс мас күйінде жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу