"Пәтерлерді интернет арқылы брондау кезінде пайдаланушыларға банк картасының деректерін сұрататын хабарламалар келеді. Алайда бұл деректер жеке кабинетте бар және қайта енгізуді талап етпейді", – деп жазды ведомстводан.
Осыған байланысты ІІМ азаматтарды басқа қалаға немесе елге демалысқа, сондай-ақ іссапарға шыққанда аса мұқият болуға шақырады.
Алаяқтарға алданбас үшін мынадай шараларды ұстану қажет:
- сайттың мекенжайын тексеріңіз: фишингтік сайттарда домен атауында ұсақ өзгерістер болуы мүмкін (мысалы, бір әріптің қосылуы немесе соңғы жағындағы өзгерістер;
- банк картаңыздың деректерін пәтер иесімен чатта бөліспеңіз;
- тым төмен бағадағы ұсыныстарға күмәнмен қараңыз – бұл алдаудың белгісі болуы мүмкін;
- пәтерді немесе қонақүй нөмірін жалдамас бұрын пікірлерді оқып шығыңыз, олардың жарияланған уақытын және жарнаманың сайтта қанша уақыттан бері тұрғанын тексеріңіз, бірнеше жылдан бері жарнамаланып келе жатқан пәтерлер – сенімділіктің бір белгісі;
- пәтер иесі толық алдын ала төлем жасауды талап еткен жағдайда абай болыңыз, қонақүй нөмірі мен пәтерге төлемді тек сол жерге барып, олардың бар екеніне көз жеткізгеннен кейін жасаңыз;
- күдікті хабарламалардан сақ болыңыз: мессенджерлерде, электрондық поштада немесе әлеуметтік желілерде жіберілген сілтемелер жалған сайттарға апаруы мүмкін;
- пәтерді немесе қонақүй нөмірін тек танымал және сенімді платформалардан брондаңыз: егер сайт күмән тудырса, тәуекелге бармаған дұрыс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу