Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған жаңа деректі драманы көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа туындының негізгі мақсаты – ата-аналарға балалардың мінез-құлқындағы алаңдатарлық белгілерді дер кезінде байқап, тиісті шара қабылдауға көмектесу. Сонымен қатар фильм жасөспірімдерге өз әрекеттерінің салдары туралы ойлануға және жауапкершілікті сезінуге бағытталған.
Деректі драмада қоғамда жиі кездесетін өзекті мәселелер мен олардың ықтимал салдары көрсетіліп, отбасы ішіндегі сенімді қарым-қатынас пен ашық диалогтың маңызына ерекше назар аударылған.
Мамандардың айтуынша, кей жағдайда қарапайым әрі шынайы әңгіме адамды үлкен қателіктен сақтап қалуы мүмкін. Ал мұндай ойды жеткізудің тиімді тәсілдерінің бірі – деректі драма форматындағы фильм.
Ішкі істер министрлігі ата-аналарды фильмді балаларымен бірге көріп, көтерілген мәселелер бойынша ашық пікір алмасуға шақырады.