Ішкі туризм: бір жылда туристер саны 10,4%-ға өскен

1103

Биыл қаңтар-наурызда елімізде сырттан келетін және сыртқа шығатын туристер саны (өткен жылмен салыстырғанда) 6,4 есе азайған.

Ішкі туризм: бір жылда туристер саны 10,4%-ға өскен Фото: inbusiness.kz

Ішкі туризм саласында туристер саны бір жылда 10,4%-ға немесе 931,1 мың адамға көбейген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстанда сырттан келетін және сыртқа шығатын туристер саны 6,4 есе немесе 218,3 мың адамға азайған. Өткен жылы сырттан келетін және сыртқа шығатындар саны 3,3 есе немесе 527,9 мың адамға қысқарған. Ал ішкі туризм өсім көрсетіп отыр: туристер саны бір жылда 10,4%-ға немесе 931,1 мың адамға көбейген.

Орналастыру орындарының саны бір жылда 1,6%-ға немесе 3 539 орынға артқан.
Сондай-ақ орналастыру орындарындағы қызметкерлердің (тізім) саны 10,4%-ға төмендеген: 26,4 мың адам, ал маусымдық жұмысшылар 2 есе азайған: 199 адамға дейін.

2021 жылғы бірінші тоқсанда орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 19,8 млрд теңге болды. Бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 6,9%-ға аз.

Сектордағы қызметтер көлемі екінші жыл қатарынан азайып жатыр.
Орналастыру орындарындағы төсек-орынның орташа бағасы бір жылда 8099 теңгеден 8494 теңгеге дейін өскен. Ең жоғары баға Маңғыстау облысында (12 мың теңге), Алматыда (11,8 мың теңге) және Нұр-Сұлтанда (11,5 мың теңге) тіркелді.

Қазақстандағы 17 өңірдің екеуінде ғана төсек-орын бағасы өткен жылмен салыстырғанда Атырау (минус 7%) және Қызылорда (минус 3,7%) облыстарында төмендеген.

Атырау (11,3 мың адам) және Қызылорда (14,9 мың адам) облыстарында туристерге ең аз қызмет көрсетілген.

Дәурен Ерболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу