Ішкі туризм саласының шығындары 6%-ға қысқарды

1208

Саяхатшылардың көпшілігі жеке көлігімен сапарға шыққанды жөн санайды. 

Ішкі туризм саласының шығындары 6%-ға қысқарды

Өткен жылы ел ішінде 8 млн-ға жуық адам саяхаттаған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,9%-ға аз, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Саяхатшылардың көпшілігі жеке көлігімен жолға шыққанды жөн санайды. Олардың саны бір жыл ішінде 23,3% өсіп, 3,1 млн адамға жетті.

Халықтың тағы 22,5%-ы теміржол көлігінің қызметін пайдаланды: 1,8 млн адам, көрсеткіш 37,1%-ға төмендеді.

Қалааралық автобустарды пайдаланушылар саны 992,5 мың адамды құрады;  әуе көлігі - 286,7 мың адам; жалға алынған көлік құралдары – 8,2 мың адам.

Туристердің көпшілігі жеке мақсаттар үшін саяхатқа шығады: 7,5 млн адам - ​​бір жыл бұрынғыдан 4,4% аз. Ал 6,1%-ы кәсіпкерлік және кәсіби мақсаттарға бойынша сапарлайды: 489,7 мың адам, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 33,4% төмен.
Қазақстандықтар көбінесе достары мен туыстарына бару үшін жолға шығады.  Яғни, коронавирустық инфекцияға байланысты әр түрлі шектеулерге қарамастан, осы мақсаттағы саяхатшылар саны тек 2,7% -ға, 4 млн адамға азайды. Сонымен қатар, демалыс пен шопингтер туризм саласында ең жиі кездесетін мақсаттардың  бірі.

Ішкі туризмге кеткен шығындар 290,9 млрд теңгені құрады - бұл біл жыл бұрынғы көрсеткіштен 6%-ға аз.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, ең көп қаржыны Қарағанды ​​облысы жұмсаған: 35,9 млрд теңге. 

Бұл ретте жеке мақсаттар үшін саяхаттарға 266,2 млрд теңге, ал іскерлік және кәсіби саяхаттарға 24,7 млрд теңге жұмсалды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу