Ислам Каримовтың қызына тиесілі активтер Өзбекстанға қайтарылды

439

Наурыз айында Ташкент соты Гүлнар Каримованы 13 жыл 4 айға соттаған еді.  

Ислам Каримовтың қызына тиесілі активтер Өзбекстанға қайтарылды

Өзбекстанның Әділет министрлігі мен елдегі Бас прокуратура Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнар Каримованың Франциядағы активтерін елге қайтарды. Ресми мәлімет бойынша, олар шамамен $10 миллион долларға бағаланып отыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті.

"14 мамырда Әділет министрлігі мен Бас прокуратура құзырлы органдармен бірлесе Гүлнар Каримованың қылмыстық жолмен тапқан  $10 миллион көлеміндегі активтерін Өзбекстанға әкелді", — деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Еске сала кетсек, наурыз айында Ташкенттің қалалық соты Каримованы 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді. Оған қылмыстық топ ұйымдастырды, бопсалады, қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастырды деген айыптар тағылды. Қазір Әділет министрлігі Каримованың $1.3 млрд тұратын активтерін қайтару мақсатында Швейцария, Франция, Ресей, Латвия және бірқатар елдің құзырлы органдарымен бірлесе жұмыс атқарып жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу