Исламабадта "Қазақстан-Пәкістан" бизнес форумы басталды

235

Шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары аясында өтіп жатыр.

Исламабадта "Қазақстан-Пәкістан" бизнес форумы басталды Фото: gov.kz

Бизнес форум екі елдің іскер топтары арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Форум сапардың негізгі іскерлік алаңына айналады және Қазақстан мен Пәкістанның мемлекеттік органдары, квазимемлекеттік секторы мен бизнес өкілдері арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз етпек.

Форумда бейінді ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының және ірі жеке компаниялардың басшылары қатысатын пленарлық сессия, B2B және B2C форматтарында кездесулер өткізу, сондай-ақ коммерциялық құжаттарға  қол қою рәсімі өтеді.

Бизнес-форумға қазақстандық тараптан барлығы 143 өкіл қатысады, оның 24-і квазимемлекеттік сектор және 119-ы бизнес-қоғамдастық өкілі. Пәкістан тарапынан іс-шараға 180 компания қатысып жатыр.

Форум аясында бірлескен инвестициялық платформалар құруды, Пәкістанның порт инфрақұрылымын пайдалана отырып, көлік-логистикалық маршруттарды дамытуды, электрондық коммерция мен почта логистикасын, банктік және исламдық қаржыландыруды, өнеркәсіптік кооперацияны, электр автобустарын, қантты, құрылыс материалдары мен лак-бояу өнімдерін өндіруді, сондай-ақ IT, GovTech, стартап-экожүйе, тоқыма өнеркәсібі, медицина және қорғаныс-өнеркәсіп кешені салаларында ынтымақтастықтың кең ауқымды бағытын қамтитын келісімдерге қол қою жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу