Испандық компания елімізде мал шаруашылығы өндірісіне қызығушылық танытты

1198

Испандық компания елімізде мал шаруашылығы өндірісіне  қызығушылық танытты

Астана және Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Испаниядағы елшілігі, еліміздің ауыл шаруашылық министрлігі және "Kaznex invest" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ қолдауымен "Campofrio food group" (Испания) ұлтаралық компания басшылығы мен қазақстандық мемлекеттік органдардың, Алматы қаласының әкімшілігі, "Атамекен" КҰП және "Қазақстан ет одағының" өкілдерімен кездесуі өтті.

Мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері бойынша испандық кәсіпкерлер ҚР премьер-министірінің орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, инвестициялар және даму министрлігі инвестициялар комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, "Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновпен келіссөз жүргізді. "Campofrio food group" делегациясына холдинг президенті Педро Бальве Лантеро басшылық етті.

Испандық кәсіпкерлер мен қазақстандық тараптардың кездесуі кезінде талқыланған ең  басты мәселелердің бірі ол – мал шаруашылығында инвестициялық жобаны жүзеге асыру, атап айтқанда, жаңа технологияларды қолдану арқылы ірі қара малды өсіру және шошқа етін өңдеу, сонымен қатар өнімнің экспортқа жеткізілуін ескере тұра, Қазақстан территориясындағы ет өңдеу өндірісін ұйымдастыруға "Campofrio food group" холдингінің қатысу мүмкіндігі. Келіссөзде көтерілген тағы да бір мәселелердің бірі – соңғы өнім ретінде танылатын бағасы еттің өзіндік құнына әсер ететін мал азығы дақылдарын өсіру және өндіру. Испандық кәсіпкерлер жүгері, бидай, арпа өсіру әдістері, қайта өңдеу мөлшерлемелері мен негізгі қызмет егіншілік шаруашылығына бағытталған қазақстандық өңірлерге қызығуда.

Өткізілген іс – шаралар нәтижесі – зерттелген материалдар негізінде испандық тарап көрсететін инвестициялық жоба бойынша уағдаластық. Испандық холдинг басшылығы Қазақстанды, ауылшаруашық өнімдерін Қытай нарығына жеткізуге бірегей мүмкіндікке ие мемлекет ретінде көреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу