Испания Қазақстанда жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

392

Сарапшылардың пікірінше, "Көкжиденің" әлеуеті батыстағы 3 облыстың халқын 27 жыл бойы ауыз сумен қамти алады.

Испания Қазақстанда жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі Фото: canva.com

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі Ақтөбе облысындағы "Көкжиде" жерасты су орнынан Қазақстанның батыс өңірлерін ауызсумен қамтамасыз ету жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кен орнындағы таза судың қоры тәулігіне 173,4 мың текше метр. Кен орнында зерттеу жұмыстары басталды. Су ресурстары және ирригация министрлігі испандық Xcalibur Smart Mapping компаниясымен кен орнында аэромагниттік түсірілім жүргізу туралы келісімге қол қойды.

Жұмыс Испания Корольдігінің гранты есебінен жүргізіледі. Түсірілім су қоры мен контурлары туралы өзекті деректерді алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай өндірудің жерасты су орны суларына әсерін зерттеуге 250 млн теңге бөлді.

Зерттеуді Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады.

– Батыс өңірлерді ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі министрліктің ерекше бақылауында. Алайда жобаны сапалы жүзеге асыру үшін "Көкжиде" кен орнында кешенді зерттеу жүргізіп, судың ластану қаупін жойып, жергілікті экожүйеге кері әсерінің алдын алу қажет. Қазіргі таңда бұл – басым бағыт, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу