Испания Украинаға қару жібереді

1153

Германия Украинаға 500 Stinger зымыранын жеткізді.

Испания Украинаға қару жібереді

Испания Украинаға 1 370 грана атқыш, 700 мың патрон, жеңіл пулеметтер жібереді. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрі Маргарита Роблес мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрдің айтуынша, шабуылдауға арналған қаруы бар екі әуе кемесі 4 наурызда жеткізіледі. Қару Польша мен Украина шекарасындағы пунктке жөнелтіледі. 

Бұған дейін Германия Украинаға 500 Stinger зымыранын және 1000 Panzerfaust танкке қарсы граната атқыш берген еді.  

24 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста "арнайы әскери операцияның" басталғанын жариялады. 21 ақпанда Ресей Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындады. Ресми Мәскеу олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойды.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу