Испанияда коронавирус бүгіннен бастап тұмау сияқты ауру болып есептеледі

1386

Испанияда бүгіннен бастап коронавирустық инфекция тұмау сияқты әдеттегі эндемикалық аурумен теңестіріледі. СOVID-19 инфекциясын жұқтырған және белгілері бар адамдар қалыпты өмір салтын жалғастыра алады және үйде оқшаулау режимін сақтау ол үшін міндетті болмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме жасап.

Испанияда коронавирус бүгіннен бастап тұмау сияқты ауру болып есептеледі

Бұрынғы талаптар тек қауіп-қатер тобындағы адамдарға – 60 жастан асқан, иммунитеті әлсіреген адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен медицина қызметкерлеріне қатысты болады.

Мұндай жаңалықтарға қарамастан, елде жабық қоғамдық орындарда, сондай-ақ қоғамдық көліктерде – автобустарда, пойыздарда, ұшақтарда медициналық маскалар кию міндетті болып қала береді. Ал мейрамханаларда бір үстелдегі қонақтар санына шектеулер болады.

Айта кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Өткен жұмада Sars-CoV-2 таралуының жеті күндік көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда ел бойынша орта есеппен 227 жаңа жағдай тіркелгенін көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу