Испанияға шетелдік туристер шілде айынан бастап кіре алады

768

Бұл туралы елдің премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеді.

Испанияға шетелдік туристер шілде айынан бастап кіре алады

Педро Санчес осы жазда Испанияға барғысы келетін туристерге ешқандай қауіп төнбейтініне кепілдік беретінін айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, Испания жылына 80 миллионнан астам турист қабылдайды. Сол себепті, шілде айынан бастап Испания сыртқы туризм үшін қайта ашылатынын жариялаймын. Туристер үшін ешқандай қауіп жоқ екеніне кепілдік береміз. Испания сізді шілде айында күтеді", – деп мәлім етті премьер-министр.

Сонымен қатар, Педро Санчес коронавирустың өршуіне байланысты тоқтатылған Ла Лига чемпионаты  маусым айының 8-і күні қайта жанданатынын да жария етті. 
Айта кетсек, Испания коронавирус індетін ең көп жұқтырған елдердің бірі.

Испанияда 234 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырып, 28 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу