Испанияның шығысындағы орман өртенді

387

Ел билігі Кастельон провинциясындағы жалынның бетін тек бір аптадан кейін ғана қайтарды.

Испанияның шығысындағы орман өртенді

Аймақтан 1500-ге жуық адам эвакуацияланды. Тілсіз жау 4000 гектар жерді күлге айналдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алапат өрттен сегіз елді мекен зиян шекті.

Испания премьер-министрі Педро Санчес үйлерінен безіп кеткен мыңдаған адамға көмек көрсетуге уәде берді.

Еске салайық, былтыр Испанияда 306 мың гектар жер өртенген. Биыл да көктемнен бергі қуаңшылық орман өртінің өршуіне сеп болып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу