Іссапар шығынының ақшасын өз шотына аударған қызылордалық бас есепшілер тергеліп жатыр

772

Облыстық прокуратураның мәліметінше, олар жұмысшылардың жалақысы мен іссапар шығынын өз есепшотына аударған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іссапар шығынының ақшасын өз шотына аударған қызылордалық бас есепшілер тергеліп жатыр Фото: canva

Прокуратураның дерегінше, Қызылорда қаласындағы "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іссапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңгені, Ақай ауылындағы №99 мектептің бас есепшісі 42 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есепшотына заңсыз аударған.

Бұл фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

– Сондай-ақ, Жаңақорған ауданындағы 81 жеке балабақшаға 723 млн теңге дотация төленбей, соның салдарынан 1 847 қызметкер жалақысын ала алмаған. Прокуратураның ықпалымен барлық кәсіпкерлік субъектісіне төлемдер аударылып, жалақылары берілді. Бұдан бөлек, орта білім беру ұйымдарында 171 мың оқушының сабақ кестесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмей, аралық үзілістер қысқартылғаны анықталды, – деді облыс прокуроры Ризабек Ожаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу