Associated Press хабарлауынша, өткен демалыс күндері Австрия мен Италияда қар көшкіні салдарынан тоғыз адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz полицияға сілтеме жасап.
Адамдар қар көшкінінің қауіпті кезеңі туралы ескертуге қарамастан, жабдықталмаған жолдарда да шаңғы теуіп, демалған. Мысалы, тек австриялық Тиролда оннан астам қар көшкіні тіркелді. Билік бес балдық шкала бойынша қауіптің төртінші деңгейін белгіледі.
Қаза тапқандардың арасында Италия, Австрия, Германия, Қытай мен Жаңа Зеландия азаматтары болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу