Италия мен Франция арасындағы жанжал

457

Мигранттар мәселесін шешу бойынша екіжақты шаралар ақыры жанжалға әкелді. 

Италия мен Франция арасындағы жанжал Фото: static.euronews.com

Франция тарапынан келіп түскен сыни пікірлерге наразы болған Италияның Сыртқы істер министрі Парижге іс-сапармен барудан бас тартты, деп жазады inbusiness.kz.

Италияның Сыртқы істер министрі Антонио Таяни Францияның Ішкі істер министрі Италияның премьер-министрі Джордж Мелониді Францияның оңшыл көшбасшысы Марин Ле Пенмен салыстыра отырып, көпшілік алдында сынға алғанын ұнатпай, мұндай пікірді "орынсыз" көріп, Парижге сапарынан бас тартты.

RMC радиосына берген сұхбатында Жеральд Дарманен өткен жылы миграция мәселесін шешуге уәде беріп, билікке келген Мелониді "халықты алдады" деп айыптап, оның дәрменсіздігін сынға алды.

"Мелани ханым Ле Пенге ұқсайды, яғни оны халық нақты уәделеріне сеніп сайлайды, алайда кейін біз оның дәрменсіздігін, жағдайдың одан әрі нашарлап бара жатқанын көреміз", - деді

Мұндай пікір Солтүстік Африкадан Еуропаға барар жолда көзге түскен заңсыз мигранттардың қайда жағаға шығуына рұқсат беру керектігі туралы дау кезінде айтылды.

Италия соңғы кездері мигранттар санының күрт өсуімен күресіп келеді. Жыл басынан бері Тунис пен Ливиядан теңіз арқылы 42000-нан астам адам келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есе көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу