Италияда медбикелер ереуілге шықты

946

Италияда медбикелер ереуілге шықты

9 жыл бойы өзгермей келе жатқан еңбек шарты мен жалақыны көтеруді талап еткен 9 мыңға жуық медицина қызметкері жұмысқа шығудын бас тартты, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы Италияда 70 мыңға жуық медбике, фельдшер және акушер мамандары тапшы. Экономикалық дағдарыс италиялық денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай әсер етіп отыр. Мемлекеттік бюджет қысқартылған соң жұмысқа жаңа қызметкерлерді алуға тыйым салынған. Зейнетке шыққан медбикелердің орнын басар қызметкер жоқ. Ереуілге шыққандардың талаптары осы. Демалыс сағатының көлемін ұлғайту, түнгі кезекшілік төлемақысын арттыру және тапшы мамандарды жұмысқа алу. Осыдан екі ай бұрын ұжымдық келісімшарт 9 жылдан бері алғаш рет үкімет тарапынан қайта қаралған еді. Содан соң, әрбір медициналық қызметкердің жалақысына 67 еуро қосылды. Бірақ бұған кәсіподақ өкілдерінің көңілі толмады. Себебі маман тапшылығы мәселесі шешімін таппады. Ал бүгінгі ереуіл осымен екінші мәрте қайталанып отыр. Медбикелер жұмысқа шықпағандықтан  жоспарланған мыңдаған операция кейінге қалдырылып, ем-дом бөлімдері жабылып қалды.

"Әрбір ұжымға жүктелген міндеттер тым көп. Маман тапшылығына байланысты медбикелер артық жұмыс істеуге мәжбүр. Ал, еңбек шарты жұмысшының межелі уақытынан тыс еңбек етуге міндеттегендіктен бұл емделушілерге көрсететін қызметтің сапасына кері әсер етеді. Мысалы, операция бөліміндегі медбике бірнеше сағат бойы аяғынан тік тұрып шаршайды. Оның операция біткен соң  дұрыс қызмет көрсетуі екіталай", - дейді Италиядағы мейірбикелер ұлттық кәсіподағының төрағасы Антонио Де Пальма.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу