Италияда жүздеген үй 1 еуродан сатылады

944

Үйлердің болашақ иелеріне үйге бір жылдың ішінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу талабы қойылған. 

Италияда жүздеген үй 1 еуродан сатылады

Сицилияның оңтүстігіндегі Муссомели қаласының жергілікті билігі жүздеген ескі үйді бір еуромен (427 теңге) сатылымға қойды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Үйлердің болашақ иелеріне үйге бір жылдың ішінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу талабы қойылған. Олар үшін аталған жөндеу жұмыстарының әрбір шаршы метрі 95 еуро (шамамен 40 мың теңге) болады. Ал, талап орындалмаған жағдайда үй иесі кепілдік ретінде салған жеті мың еуросынан (шамамен үш миллион теңге) айырылады.

Жергілікті билік көмек ретінде сәулетшілер мен инженерлер ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді. Таяу арада тағы да 400 ұсыныс жасалатыны күтуліде.

Қаңтар айында италяндық Самбука-ди-Сицилия муниципалитетінің билігі үйлердің жаппай 1 еуроға сатылатынын жариялаған болатын.

Жаңа тұрғындарды жұмысқа тарту мен қала көркін келтіру мақсатында жүздеген тарихи нысан сатылымға қойылған. Сатып алушылар кем дегенде 15 мың еуро (шамамен 6,4 миллион теңге) қаражат жұмсап, үйлерді үш жылдың көлемінде жөндеуге міндеттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу