Италиядағы жер сілкінісінен 25 адам зардап шекті

920

Италиядағы жер сілкінісінен 25 адам зардап шекті

Италиядағы Неаполитан шығанағы Искья аралында орын алған жер сілкінісінен 2 адам мерт болып, 25-і зардап шекті, деп жазады КазТаг.
Жер сілкінісі Искьеде дүйсенбі күні сағат жергілікті уақыт бойынша 21.30-да орын алды. Оның магнитудасы 4 болып, эпицентрі аралдың батыс жағалауына жақын маңдағы теңізде шамамен 10 км тереңдікте болған.
Жер асты дүмпулері ғимараттардың қирауына алып келген. Құтқару қызметінің мәліметі бойынша, шамамен 10 адам үйінді астында қалған, соның ішінде үш бала бар.  Олар із-түссіз жоғалғандар есебінде тұр,  ал 25 тұрғын жергілікті ауруханаларға жеткізілген, олардың көбінің жағдайы ауыр. Тағы 2 адам мерт болған. Құтқарушылар үйінділер астында мерт болғандардың бар болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
Неаполитан шығанағындағы арал электр жарығынсыз қалған. Жер асты дүмпуі 10 рет қайталанған.   
Куәгерлердің айтуынша, жер асты дүмпулері аралдың бірнеше елді мекендерінде айқын сезіліп, Искьеде демалып жатқан көптеген туристер мен тұрғындар арасында үрей туғызған. Көптеген адамдар қорқып, көшеге шығып кеткен. Жағдайды Искья қаласының портында осы кезде орын алған блэкаут одан сайын ушықтырып жіберген. 
Зілзаладан әсіресе Казамиччола-Терме курорты қатты зардап шеккен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу