Италиядағы парламент сайлауы қарқыны ЕО-ны алаңдатып отыр

815

Сайлау алдындағы сауалнамалардың нәтижелері көрсетіп отырғандай, 41-45% дауыспен постфашистік оңшыл партия алда келеді.

Италиядағы парламент сайлауы қарқыны ЕО-ны алаңдатып отыр

Премьер-министр лауазымы үшін күресте "Италия бауырлары" партиясының жетекшісі Джорджа Мелони көш бастап келеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

25 қыркүйек, жексенбіде Италияда ел парламентіне кезектен тыс сайлау басталды. Сайлау Парламенттің екі палатасында – Депутаттар палатасы мен Сенатта өтеді.

Сауалнамаларға сәйкес, орталық оң жақ коалиция алда келеді. Егер олар Италияда жеңіске жетсе, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бірінші рет оңшыл күштер үкіметі құрылады.

Джорджа Мелони басқаратын "Италия бауырлары" (25 пайыз) оңшыл партиясы халық қолдауына ие болып отыр. Коалицияға Маттео Сальвинидің "Солтүстік Лигасы", Сильвио Берлусконидің "Алға, Италия" және "Біз – ұстамдымыз" партиясының шағын альянсы кіреді.

Джорджа Мелонидің exit poll нәтижесі бойынша алға шығуы ЕО мүшелерін қазірдің өзінде алаңдатып отыр.

Еуропалық парламент төрағасының орынбасары Катарина Барли Италияның орталық-оңшыл коалициясының сайлаудағы көшбасшылығына алаңдаушылық білдіріп, Италия Премьер-министрінің лауазымына бірден-бір үміткер Джорджа Мелони жаңа лауазымда АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп пен Венгрияның қазіргі премьер-министрі Виктор Орбан сияқты саясаткерлерден үлгі алады деп санайды.

Еуропарламент депутаты Томас Вайц өз кезегінде ЕО тек біртұтас жұмыс істей алатынын, ал Мелони бұл мағынада "Еуропа үшін үлкен кедергі болуы мүмкін" екенін алға тартты.

"Егер ЕО-ның үшінші ірі экономикасы саналатын Италия постфашистік коалиция мен ультра оңшыл партиялардың бақылауында болса, ЕО-ның негіздері мен ортақ құндылықтарына қауіп төнеді", – деді Вайц.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу