Ерлі-зайыптылар ЭКСПО-ны аралап болып, көрме кешенінің балалар алаңында ұйықтап жатқан екі жасар ұлын ұмытып, қонақ үйге кетіп қалған.
Бұл оқиғаны ЭКСПО-2017 жұмысының бірінші ай қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында қауіпсіздік департаментінің директоры Рүстем Шәкенов айтты.
Директордың айтуынша, 10 маусымнан бастап 670-ке жуық оқиға тіркеліпті. Олардың 12-сі құқық бұзушылыққа қатысты. Сонымен қатар, оқиғаның 90%-ы көрме ішінде ата-анасынан адасып қалған балалармен байланысты екен.
"Бізде бір күлкілі оқиға болды, италияндық жұп сәбиін ЭКСПО-да ұмытып кеткен. Ата-анасы қонақ үйге кетіп қалған. Біздің қызметкерлер балалар алаңында бірнеше сағат бойы қасына ешкім жақындамаған бала арбасын байқаған. Онда екі жасар шамасындағы бүлдіршін ұйықтап жатқан. Біз ата-анасын іздестіре бастадық, оқиға туралы жариялап, сәбиді өзімізге алып кеттік. ЭКСПО-дағы полиция бөлімшесінде сондай балаларға арналған арнайы бөлме бар. Ата-анасы табылып, сәбилерін алды. Жағдайды пайдалана отырып, барлық ата-ана мен қамқоршылардан балаларына мұқият болуларын сұраймын. Көмек қажет болған жағдайда біздің қызметкерлерге бірден хабарласыңыздар", — деді Рүстем Шәкенов.
Сондай-ақ ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күн сайын 2000 мыңнан астам адам ның кезекшілікке түсетінін айтты.